Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автокөліктердің утиль алымы өсті
Экология министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді. Ресейден әкелінетін Lada көліктеріне салынатын утильалым көлемі 29 410 000 теңгеге дейін жетеді.
Елге Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасына утильалымның жаңа мөлшерлемесі енгізілді, деп хабарлады tiek.kz телеграмм-арнасы.
Экология министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді. Құжатқа сәйкес, Ресей мен Беларусьтен жеткізілетін көлікке утильалым төлеу кезінде екі еселік көтеру коэффициенті қолданылады. Ал Қазақстанда құрастырылатын көліктерге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден, Армения мен Қырғызстаннан импортталатын техникаға бұрынғы мөлшерлеме сақталады.
Kolesa.kz есебінше, жаңа ереже бойынша Ресейден әкелінетін Lada көліктеріне салынатын утильалым көлемі бұрынғыдан 38,8 есеге өсіп, 29 410 000 теңгеге дейін жетеді. Бұл көліктің бастапқы бағасынан шамамен 6 есе жоғары.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан бұл шешімді Ресейдегі қазақстандық көліктерге утильалым бірнеше есе өскеннен кейін айна-қатесіз жауап ретінде қабылдағанын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, нарықтағы жағдай тұрақты, көлік бағасының күрт қымбаттауы күтілмейді. Қазір Ресейден келетін импорт үлесі шамамен 3,7 пайызды құрайды. Сонымен қатар министрлік Қазақстанда Ресей мен Беларусьтің негізгі брендтері локализацияланғанын, ал соңғы бес жылда олардың импорты іс жүзінде жүзеге аспағанын хабарлады.



