Қоғам

Көлікті ұзақ қыздыруға тыйым салатын норма қайта қаралатын болды

Жол қауіпсіздігі туралы заң жобасы талқыланған мәжіліс отырысында депутаттар көлікті қыздыруға қатысты тыйымды алып тастау туралы ұсыныс білдірді. 

«Бір жыл бұрын көлікті қыздырғандарға айыппұл салу туралы заң нормасы қоғамда қызу пікірталас тудырды. Біз бұл мәселені шешудің түрлі нұсқасын ұсындық. Бұл заң жобасында біз қыста елді мекендерде көлікті қыздыруға салынған тыйымды толығымен алып тастауды ұсынамыз.

Алайда тиісті белгі қойылған тұрғын үй аудандарында шектеу сол қалпында қалады. Бұл ұсынысқа қатысты сіздің пікіріңіз қандай? Ішкі істер министрлігінің өкілі, түсінік беріңізші» — деді депутат Дмитрий Колода.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл мәселенің қайта қаралып жатқанын айтып, «министрлік бұл ұсыныстарды қолдайды» — деп жауап берді ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button