Қоғам

Тоқаев ерлігі елеусіз қалған қазақ батырына «Халық қаһарманы» атағын берді

Президент Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке “Халық қаһарманы” атағын берді, деп хабарлайды tiek.kz.

Мемлекет басшысы арнайы жарлыққа қол қойды.

“Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін  Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) “Халық қаһарманы” атағы беріледі. Оған қоса айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен “Отан” ордені тапсырылады”, – делінген хабарламада.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Кенжебай Мәденов (1925 жыл 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Ақтайсай ауылында туған – 1974 жылы 26 желтоқсанда Атырау қаласында қайтыс болған) – екінші дүниежүзілік соғысы барысында «Берлин» операциясына қатысып, неміс фашистерінің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып өз взводын бастап кіріп, оны жаудан тазартқан және ту тіккен, ерен ерлік жасаған батыр. Ол – есімі күллі қазаққа әйгілі, дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының ұрпағы.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button