Ардақ Назаров мәжіліс үстінде анасын туған күнмен құттықтай алмайтын болды
Заң жобасына сәйкес, тәртіп бұзғандарды арнайы Әдеп кеңесі қарайды.

Құрылтай депутаттарына отырыстар кезінде жеке өтініштер мен қатысы жоқ мәселелерді көтеруге тыйым салынбақ. Бұл норма «Құрылтай туралы» конституциялық заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды tiek.kz.
Құжатта депутаттық әдептің жаңа талаптары белгіленген. Енді депутаттар өз сөзінде негізсіз айыптаулар айтуға, қорлайтын сөздер қолдануға, басқа қатысушыларды бөлуге немесе жұмысты бұзуға құқылы болмайды.
Сондай-ақ жалған немесе тексерілмеген ақпарат таратса, оны жария түрде жоққа шығарып, кешірім сұрауы тиіс. Заң жобасына сәйкес, тәртіп бұзғандарды арнайы Әдеп кеңесі қарайды. Ол депутаттардың сөздері мен әрекеттерін тексеріп, шағымдарды қарастырады және қажет болған жағдайда жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров дәл отырыс үстінде тікелей эфирді пайдаланып, алдымен анасын туған күнімен құттықтаған еді.
Бұл өз кезегінде біраз шу тудырғаны белгілі.



