Оқиға
Тренд

«Казцинк» зауытындағы жарылыс: екі адам көз жұмды

Өскемендегі «Казцинк» зауытында болған апат салдарынан екі адам қаза тапқаны белгілі болды. 

Болжам бойынша, оқиға түтінсорғышты тазалау кезінде болған. Қазір мән-жайы анықталып, тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Өскемендегі «Казцинк» зауытында болған жарылыстан 9 адам зардап шеккені айтылған еді. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр.

Жарылысқа қатысты тергеуді Премьер-Министр Олжас Бектенов жеке бақылауына алды.

Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология министрлігі және облыс әкімдігіне нақты тапсырмалар беріп, жағдай бойынша толық есеп ұсынуды талап етті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button