
Әлеуметтік желідегі таралған видеолардан кейін қала билігі «Самал» саябағындағы әнші бақаларға қатысты соғыс бастаған сыңайлы. Желілерде жұмысшылардың парк аумағындағы су түбін сүзіп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды tiek.kz.
Қолданушылардың жазуынша, комуналдық қызметкерлері. Қолдарына сетка алып, бақаларды сүзіп алып жатыр.
Әкімдік өкілдері мұны «су түбіндегі қоқыстарды жинау» деп түсіндірді. Соған қарағанда бақалар қалатын сияқты. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Көбі бақаларға тиіспей, жайына қалдыруды сұраған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы кеше ғана ашылған Samal Park саябағында бақа қаптап кеткені туралы видеолар тараған еді.
Демалушылар парктің тыныштығын жер дүниені жаңғырықтырып бақылдап жатқан бақалардың дауысы бұзып тұрған жазбаларымен бөліске.
Кейбірі бұған шағым жасап жатса, кейбірі әзілмен қабылдап, астана тұрғындарына бақаның табиғи дауысын есту мүмкіндігін сыйлаған шенеуніктерге рахмет айтып жатыр.
Мамандар бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, бұл дыбыстардың бақалардың көбею (жұптасу) кезеңіне байланысты болып отыр. Еркек бақалар ұрғашыларын өзіне тарту үшін осындай әдісті қолданады. Бұл процесс бақалардың белсенді түрде дауыстауы көбею маусымы аяқталғанға дейін, яғни мамыр айының ортасына дейін жалғасады.
Уақыт өте келе олардың белсенділігі төмендеп, саябақ бұрынғы қалыпты жағдайына оралады.
Астана тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған «Самал» саябағы әл-Фараби, Керей-Жәнібек хандар көшелері мен Бұқар жырау даңғылы аумағында орналасқан. Саябақтың ашылуына мемлекет басшысы Тоқаев қатысып, экобелсенділермен бірге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында парк аумағына ағаш екті.
Посмотреть в Threads



