Оқиға
Тренд

Шұғыл! Өскеменде зауытта жарылыс болды (ВИДЕО)

Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды, деген ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы таралып жатыр.

ТЖМ дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.

— Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі келіп, жұмыс істеп жатыр. Оперативтік штаб құрылды. Қазір мамандар зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button