Әлем

Қытайда алапат жарылыс болып, 21 адам көз жұмды (ВИДЕО)

Қытайда от шашу шығаратын зауытта болған жарылыстан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды tiek.kz.

Қайғылы жағдай Хунань провинциясындағы Люянь қаласында кеше түстен кейін болды. Жарылыс салдарынан тағы 61 адам түрлі жарақат алды. Оқиға орнына 500-ге жуық құтқарушы жіберіліп, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жоғалғандарды табу және зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күшті жұмылдыруды тапсырды. Сондай-ақ ол апат себептерін жедел анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себебі анықталуда, кәсіпорын басшылығына қатысты бақылау шаралары енгізілген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button