Мәдениет
«Тағы 50 пәтер»: Баян Алагөзова күйеуінің қызметкерлеріне тосын сый дайындап жатқанын айтты (ВИДЕО)
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне тағы сый дайындап жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды tiek.kz.
Кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталмақ.
Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жазып, қуанышын жасырмады.
«ШСЗ қызметкерлеріне тағы 50 пәтер – аңызға айналған кәсіпорынның 50 жылдығына орай! Мен сенімен қатты мақтанамын, жаным», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Шымкент сыра зауыты – еліміздегі тарихы терең өндіріс орындарының бірі. Ал бұл бастама кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілген ерекше қолдау ретінде бағаланып отыр.



