
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға берілген жылқыларды барып көріп, олардың күтімімен танысты.
Бұл туралы президенттің ресми Instagram парақшасында жарияланды.
Мемлекет басшысы былтыр ахалтеке тұқымына жататын ашық сұр түсті құлынға Ақжан деп ат қойғанын айтты.
Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын осы жылқылар қатарына тағы бір ақшыл қоңыр құлын қосылып, Президент оны Ақниет деп атаған.
“Бірнеше ай бұрын біздің ақалтеке сәйгүліктерімізге ақшыл қоңыр түсті тағы бір құлын қосылды. Оны Ақниет деп атадым. Жылқы шаруашылығын жақсы білетін мамандар оның болашақта халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін екенін айтып отыр. Президент Іс басқармасының атқорасында жуырда Катар мемлекеті сыйға тартқан араб сәйгүліктері де пайда болды”, – деді Тоқаев.
Тоқаевтың айтуынша, жылқы шаруашылығын жақсы білетін мамандар Ақниеттің болашақта халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін екенін атап өткен. Сондай-ақ Президент Іс басқармасының атқорасында жуырда Қатар мемлекеті сыйға тартқан араб сәйгүліктері де пайда болған.
Президент кейде атқораға өзі барып, жылқыларды қолымен жемдейтінін де жасырмады.
Мемлекет басшысы өз жазбасында елімізде ат спортының дамуына ерекше көңіл бөліп, жылқыға деген құрметті арттыру маңызды екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



