Мәдениет
Тренд

Крак-де-Шевалье: Сұлтан Бейбарыс қана бағындыра алған жұмбақ қамал

Бейбарыс Госпитальерлер орденінің иелігіндегі бұл бекіністі күшпен емес, ақылмен бағындырды.

Сирия жерінде орналасқан Крак-де-Шевалье бекінісі — орта ғасырлық сәулет өнерінің теңдессіз үлгісі. Тіпті айбынды Салахаддин әл-Аюбидің өзі бұл қамалды ала алмай, кері қайтқан деседі. Крестшілер екі ғасыр бойы тұрғызған бұл тас қамалды адамзат тарихында жалғыз ғана адам бағындыра алды. Ол — Дешті Қыпшақ ұланы, Мәмлүк сұлтаны Захир Бейбарыс еді, деп хабарлайды tiek.kz.

1271 жылы Сұлтан Бейбарыс Госпитальерлер орденінің иелігіндегі бұл бекіністі күшпен емес, ақылмен бағындырды. Ол қорғаныстағы рыцарларға олардың одақтастарының атынан «беріліңдер» деген жалған хат жолдайды. Осылайша, Сұлтан қантөгіссіз қамалды иеленіп, кейін оны одан сайын нығайтып, екінші қорғаныс қабырғасын тұрғызды. Бекініс ішінде Бейбарыс Сұлтанның өз бөлмесі сақталған. Қабырғасында араб тілінде: «Аллаһу Акбар, әс-Сұлтан, әз-Заһир, Бейбарыс» деген жазу бар. Қызығы сол, ұлы билеуші салтанатты төсек емес, екі жаққа ілінген гамакта — нағыз жауынгерлік, далалық жағдайда ұйықтағанды жөн көрген.

XIII ғасырдағы «Ақылды қала»

Көптеген зерттеушілер Крак-де-Шевалье қаласының өз заманы үшін тым заманауи болдығанын айтады.

Гигиена: Қамалда 5 бірдей монша (хамам) болған. Су құбырлары арқылы ыстық су бу бөлмелеріне жеткізіліп тұрған.

Құпия жолдар: Ұзындығы 125 метрлік жасырын дәліз арқылы қоршау кезінде қажетті азық-түлік пен қару-жарақ тасымалданған.

Ресурстар: Қамал аумағында 21 құдық пен ат қоралар орналасқан.

Бекіністің екінші бөлігі атақты Крестшілер қамалы еді. Әрі ол төрт қабатты болды. Мұнда бір уақытта 4 000 адам сыйып кететін. Оларды азықпен қамтамасыз ету үшін алып асханалар мен диірмендер жұмыс істеген. Бір ерекшелігі, диірменді адам немесе ат емес, жел күші қозғалысқа келтірген.

Бұл қамалдың тағы бір маңызды бөлмесі — қолбасшының штабы. Кезінде мұнда әйгілі ағылшын королі Ричард Арыстан Жүрек те тоқтаған деседі.

Сондай-ақ, кешен ішіндегі көне шіркеу Сұлтан Бейбарыстың тұсында мешітке айналдырылып, екі діни мәдениеттің тоғысқан жеріне айналды.

Крак-де-Шевалье — бұл жай ғана тас қамал емес, бұл рыцарлық намыс пен Сұлтан Бейбарыстың әскери тактикасының тірі куәгері. Бүгінде бұл нысан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Ескерту:

Материал белгілі блогер Яков Федоровтың зерттеуі негізінде жазылды. 

@yakovfedorov

🇸🇾Крак-де-Шевалье — одна из самых впечатляющих крепостей крестоносцев-госпитальеров на Ближнем Востоке. Крепость была абсолютно неприступной. Не получилось её взять даже у армии Саладдина. Во время осады мусульманская армия смогла пленить руководителя крепости. Солдаты Саладина подвели его к стенам крепости и потребовали, чтобы он приказал гарнизону открыть ворота. Он сначала по-арабски отдал приказ сдать крепость, но потом уже по-французски приказал сражаться до последнего человека. В итоге эту крепость смогли взять только тюрки под руководством султана Бейбарса. Он направил в крепость фальшивое письмо, в котором граф Триполи якобы приказывал крепости сдаться. Крепость сдалась и Бейбарс укрепил её ещё сильнее. В следующем рилсе покажу, как выглядели и оригинальная крепость крестоносцев, и та, что построили при правлении султана Бейбарса.

♬ оригинальный звук — Yakov Fedorov

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button