«Қоршау — киік мәселесін шешпейді» — Мәжіліс депутаты
Бұл ауыл шаруашылығына ғана төнген қауіп қана емес, нағыз эпидемиялық қауіп төніп тұр.

Мәжіліс депутаты Альберт Рау егістіктердің айналасына қоршау орнату фермерлерді киік тұяғынан құтқармайтынын мәлімдеді.
Айтуынша, жағдай өте күрделі. Бұлай кете берсе, 70-жылдардағыдай пастереллез қаупі төнуі мүмкін.
«Жағдай өте күрделі. Фермерлердікі дұрыс — 70-жылдардағыдай пастереллездің нақты қаупі бар. Киік санын реттеуден басқа амал жоқ. Қоршаулар бұл мәселені шешпейді. Сондай-ақ бұл енді тек ауыл шаруашылығына ғана төнген қауіп емес, нағыз эпидемиялық қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты Экология министрлігінің алдында киіктердің санын қолдан реттеу қажеттілігі мәселесін қайта көтеріп отырмыз», — дейді депутат.
Елімізде киік популяциясын реттеу мәселесі қоғамда, экология және ауыл шаруашылығы салаларында үлкен қызу талқы тудырып отырған тақырып.
Депутаттар мен мамандар бұл мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастарды білдіруде.
Шаруалардың айтуынша, киік санының күрт өсуі жайылымдардың тапшылығына және егістік алқаптарының зақымдануына әкеледі. Ал табиғат қорғаушылар басқаша айтады. Киік – Қазақстанның баға жетпес байлығы. Ол өз табиғи жолмен реттелуі тиіс.
Мамандардың пікірінше, жануарлардың табиғи азық-түлік қорының шектеулі болуы және олардың санының тым артуы аурулардың таралу қаупін арттырады.
Сондықтан экологтар мен қоғам белсенділері бұл мәселеге өте сақтықпен қарауды ұсынады.
Қазіргі таңда реттеу шараларының аясында тек аулау емес, қоршаулар қою, көші-қон бағыттарын зерттеу және басқа да гуманистік әдістерді (оның ішінде биологиялық реттеуді) қолдану ұсынылуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



