Қоғам
Тренд

Тіл институты «Мантоварка» мен «мультиварка» сөзіне балама ұсынға адамға ақшалай сыйлық бермек

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызықты дәстүр бастады. Нақты айтар болсақ,  «Мантоварка», «мультиварка» секілді отыз түрлі сөздің қазақша нұсқасына конкурс жариялаған. Осы сөздердің қазақша атын ойлап тапқан адамға институт ақшалай сыйлық береді, деп хабарлайды tiek.kz.

Дәлірек айтсақ, 13 мамырға дейін қазақстандықтар мына отыз сөздің ішінен кемі он сөздің қазақшасын ойлап табуы керек.

  1. кресло
  2. жалюзи
  3. комод
  4. простыня
  5. пододеяльник
  6. одеяло
  7. тумбочка
  8. раковина
  9. удлинитель
  10. миксер
  11. соковыжималка
  12. грильница
  13. термокружка
  14. отпариватель
  15. мультиварка
  16. мантоварка
  17. плед
  18. вытяжка
  19. шлагбаум
  20. фольга
  21. дуршлаг
  22. терка
  23. косяк
  24. карниз
  25. плинтус
  26. гардина
  27. контейнер
  28. розетка
  29. домофон
  30. кондиционер

Байқаудың шартына сай, балама ойлап тапқан адам Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген Қазақ тілінің ұлттық корпусы туралы Instagram неме Facebook парақшаларына пост жариялап, институт парақшасын белгілеу керек. Осы отыз сөздің ішінен тұрмысқа қажетті 10 заттың атауына қазақ тілінде балама ұсынып, оның тілтанымдық негіздемесін дәйектеу.

«Байқауға қатысу үшін үміткер байқау шартындағы тапсырманың жауабын ayagul.omar@gmail.com электрондық поштасына 2026 жылғы 10 мамырға дейін жолдауы тиіс. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы 15 мамырда өтеді», — деп хабарлайды институт.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button