
Ақтөбе облысына тағы да ұшқышсыз ұшу аппараты құлады.
Бұл жолы дрон Қарғалы ауданына түскен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, нысан елді мекеннен тыс аумаққа құлаған.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, нысан далаға таңғы сағат 08:30 шамасында құлаған.
Аппарат құрғақ шөпке құлаған. Шамамен 500 шаршы метр аумақта шөп жанып кетті. Өртті төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сөндірді.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады: тұрғындар таңертең қатты дыбыс естіп, кейін түтін көтерілгенін байқаған.
Айта кетейік, Қазақстанның батыс өңірлерінде мұндай жағдайлар бұрын да тіркелген. Құзырлы органдар барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Әлімбет ауылы Ресей шекарасына жақын Орск қаласының маңында орналасқан.



