Оқиға
Бурятияда қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы көз жұмды

Бурятияның Муй ауданына қарасты «Ирокинда» кенішінде болған қар көшкіні болып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар.
Ресей ТЖМ мәліметінше, технологиялық жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде барлығы тоғыз адам болған. Үшеуі өздігінен шығып үлгерген, алайда алтауы қар астында қалған.
“Арасында Ресейде тұрып, жұмыс істеген шетелдік азамат болған. Ол – Қазақстан Республикасының азаматы. Қалғандары ресейліктер”, – деген құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
Қаза тапқан алты адамның барлығының денесі табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Қазір Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.



