Қоғам
Тренд

Домбыраны шайтанның бір жеріне теңеген атыраулық 7 жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)

Ақтөбеде әлеуметтік желіде домбыраны харам деп айтқан Азат Қонысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол «Діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша күдікке ілігіп,қамауға алынды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғын Азат Қоныс әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. «Жедел-іздестіру барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Қылмыстық кодекстің «Діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу аяқталғанша қамауда отырады», — делінген хабарламада.

Азат Қоныс әлеуметтік желіде ішектік аспаптар, оның ішінде домбыраны да харам деп айтқан. Бұл видео әлеуметтік желіде кең талқыға түсіп, үлкен қарсылық тудырған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қазақстан және әлем жаңалықтары (@qaztaspanews)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button