Интеллект дәуірі
Тренд

IMEI верификациясы мемлекетке өтеді

Қазақстанда ұялы телефондардың IMEI-кодтарын верификациялау құқығы мемлекетке берілетін болды.

Бұл туралы Цифрлық даму және инновациялар вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Соңғы бір жыл бойы бұл функцияны жеке компания – ATS Mediafon KZ атқарып келді. Ол нарықтағы монополист болатын және әрбір ресми емес жолмен әкелінген телефон үшін 1 АЕК мөлшерінде алым алатын. Бұл көптеген қазақстандықтардың верификациядан өту кезінде қиындықтарға тап болуына себеп болды.

Бұған дейін Цифрлық даму министрлігі жақын арада нарықта басқа да ойыншылар пайда болатынын айтқан еді. Алайда, үкімет бұл саланы толығымен мемлекеттік монополияға айналдыруды ұйғарды. «Мәселе үкімет деңгейінде қаралып жатыр. Мемлекеттік монополияға өту туралы шешім қабылданды. Яғни, телефондарды верификациялау қызметін мемлекеттік ұйым көрсететін болады», – деді Коняшкин.

Қазіргі уақытта тиісті нормативтік өзгерістер Мәжілісте қаралуда. Егер олар қабылданса, бұл функцияны толығымен мемлекеттік компания атқаратын болады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button