Қоғам
Журналист Вадим Борейконың банк шоттары бұғатталды

Белгілі журналист Вадим Борейконың барлық банктік шоттары бұғатталды. Бұл туралы журналист өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Борейконың айтуынша, шоттарының не үшін бұғатталғаны әзірге белгісіз. «Менің барлық шоттарыма бұғат қойылды. Әзірге не үшін екенін білмеймін», — деп жазған ол әлеуметтік желіде.
Журналист бұл жағдайды кездейсоқ, банк қосымшаларын телефонынан тексеріп отырғанда білген. Айтуынша, өзінің банк алдында ешқандай қарызы жоқ.
Ақпан айында оның әлеуметтік желідегі аккаунттары бұзылып, оның атынан бейтаныс хабарламалар жарияланған болатын.



