Әлем

Трампқа оқ атқан адамның кім екені белгілі

Оның жанында аңшы мылтығы, тапанша және бірнеше пышақ болған.

Ақ үй жанындағы кешкі ас кезінде оқ атқан адамның кім екені белгілі болды. Ол Трамп әкімшілігі шенеуніктеріне қастандық жасамақ болғанын мойындады, деп хабарлады tiek.kz. 
The New York Post мәліметінше, шабуыл жасаған адам – 31 жастағы Коул Томас Аллен. Ол Калифорния штатында мұғалім болып жұмыс істеген. 2024 жылдың желтоқсанында «ай мұғалімі» атағын алғаны айтылды.
Аллен California Institute of Technology оқу орнын 2017 жылы тәмамдап, машина жасау саласы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. Джеффри Кэрролл мәлімдеуінше, бақылау-өткізу бекетіне жүгіріп кірген кезде оның жанында аңшы мылтығы, тапанша және бірнеше пышақ болған.
Алдын ала дерек бойынша, ол жалғыз әрекет еткен және қоғамға қосымша қауіп жоқ. Баспасөз мәслихатында Дональд Трамп күдіктінің өте жылдам жүгіріп келіп, алыстан шабуыл жасағанын айтты. Сондай-ақ ол шабуылдаушыны «сұсты адам» деп сипаттады.
CBS News арнасының мәліметінше, күдікті тергеу барысында шабуыл нысаны ретінде Трамп әкімшілігіне қатысы бар лауазымды тұлғаларды таңдағанын айтқан.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің әрекет мотивін тексеріп жатыр. Ресми органдар тарапынан қосымша мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button