Тылсым
Тренд

НЛО жүр: Маңғыстау аспанында жұмбақ нысандар пайда болды (ВИДЕО)

Маңғыстау облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде ерекше бейнежазбалармен бөлісіп, қызу пікірталас тудырды. Куәгерлердің айтуынша, аспанда жоғары жылдамдықпен қозғалатын, пішіні шар тәріздес бірнеше белгісіз нысан пайда болған, деп хабарлайды tiek.kz.

Кешкі уақытта облыс орталығы мен маңайдағы елді мекендердің тұрғындары аспаннан ерекше жарық шығаратын нысандарды байқаған. Куәгерлердің айтуынша, ысандар кәдімгі ұшақтар мен тікұшақтардан әлдеқайда жылдам қозғалған. Ұшу бағыты да бір қалыпты емес, кенеттен бағытын өзгертіп отырған. Сондай-ақ алыстан жарқырап көрінген шар тәрізді нысандар бірде топтасып, бірде жеке-жеке бөлініп кеткен.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді
Back to top button