Қоғам
Тренд

Белгілі журналист Жаңбыршиннің қыздарының бірі ЛГБТ көзқарасын ұстанатынын айтып шу шығарып жатыр

Динара Егеубаеваның айтуынша, депуттаттың бір қызы модель, шетелде оқып, білім алған.

Желіде ЛГБТ мәселесіне қатысты өткір мәселе көтеріп жүрген белсенді депутат Еділ Жаңбыршинге қатысты жаңа дау басталған сыңайлы. Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Динара Егеубаева өзінің парақшасында Жаңбыршиннің қыздарының бірі ЛГБТ көзқарасын ұстанатынын айтып пост салған, деп хабарлайды tiek.kz.

Журналистің жазуынша, депуттаттың бір қызы модель, шетелде оқып, білім алған. «Жаңбыршиннің қыздарының бірі — Милан мен Лондонда білім алған модельер екенін білдіңіз бе? «ЛГБТ насихатына» қарсы аянбай күресуші және дәстүрлі құндылықтардың қорғаушысы үшін баласының гендерлік шекараны ескермейтін кәсіби саланы таңдауы «басқа мәселе» болса керек. Ол «батыстық құндылықтардан» қызы үшін ешқандай экзистенциалды қауіп көріп тұрған жоқ», — деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Динара Егеубаеваның оқырмандары да депутаттың «екіжүзділік» (двойные стандарты) танытып отырғанын жазған. Нақты айтар болсақ, қазақ қоғамын «батыстық жат құндылықтардан» қорғауды насихаттайтын адамның қызының модель ретінде қатысқан көрсетілімде батыстық авангардтық өнер (Луиза Буржуа стилі) негізге алғанына таң қалыс білдірген. Әрі ондағы жігіттердің көйлек киіп, биік өкшелі аяқ киіммен шығуы — депутат өзі қарсы шығып жүрген «бейнелерге» өте ұқсас екенін айтқан.

Тағы бірі кейбір образдардың «квир-мәдениетке» (queer culture) тән элементтердің бар екенін, егер бұл басқа біреудің баласы болса, Жаңбыршин мұны ЛБГТ-ны насихаттады деп айыптар еді» деп жазып кеткен.

Алайда депутат бұл жағдайды «ақпараттық шабуыл» деп бағалап отыр.

«Қазір әлеуметтік желілерде қызымның модельдік қызметіне және ол көрсеткен образдарға қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Көрсетілімдегі модельдердің киіміне қарап, «әкесі мен қызының көзқарасы бір-біріне қайшы» деген тұжырым жасаушылар бар. Алайда менің ЛГБТ-ға қарсы ұстанымым белгілі, осы тұрғыда тиісті заң да қабылданды.

Меніңше, бұл — әдейі ұйымдастырылған манипуляция. Коллекцияның ішінен кейбір образдарды бөліп алып, контекстен суырып шығару арқылы қоғамдық пікірді басқа арнаға бұру және менің отбасыма ақпараттық шабуыл жасау көзделіп отыр», — дейді Еділ Жаңбыршин.

Айтуынша, сән әлеміндегі бұл образдар ешқандай «насихатқа» жатпайды, ол таза өнер мен философиялық ізденіс. Оны түсіну үшін өнерден хабары бар маман болу керек.

«Бұл коллекция әлемге әйгілі мүсінші, кескіндемеші әрі жазушы Луиза Буржуаның өмірі мен тағдырына арналған. Ол Францияда туып, кейін Америкаға қоныс аударған, Роберт Голдуотерге тұрмысқа шығып, өз шығармашылығын дамытқан тұлға. Оның балалық шағы мен өмірі өте күрделі болған, бұл оның өнердегі қолтаңбасына да әсер етті.

Қызым осы салада жұмыс істегендіктен, олар әр коллекциядан концепция мен философиялық мән іздейді. Луиза Буржуаға арналған бұл топтама 20-ға жуық киімнен тұрады. Сондықтан бұл жұмысты түсіну үшін адамға кәсіби біліктілік пен мәдени дайындық керек. Автордың не айтқысы келгенін, қандай философияны көрсеткенін біліп барып баға берген жөн.

Ал әлеуметтік желідегі «ол жерде ЛГБТ өкілдері жүр» деген сияқты қауесеттердің еш негізі жоқ. Олар оны тексерді ме? Жоқ. Бұл — түсінікті әдейі бұрмалау. Өнер туындысы арқылы белгілі бір тұлғаның өмірін бейнелеу — шығармашылық процесс. Оның ішінен үзінділерді жұлып алып, этикаға жатпайтын пікірлер жазу — дұрыс емес.

Мен мұны өзім бастамашы болған «Иттер туралы» немесе басқа да заң жобаларына байланысты жасалып жатқан ақпараттық шабуыл деп есептеймін. Жазылып жатқан пікірлердің сипатына қарасақ, мұның артында белгілі бір күштер тұрғандай әсер қалдырады. Зооқорғаушы белсенділер мен ЛГБТ өкілдерінің мүддесін бір арнаға тоғыстырып, осылайша қысым көрсетуге тырысып жатқан болуы мүмкін», — дейді депутат.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от PikirМedia🎙️ (@pikirmedia.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button