Қоғам
Тренд

Мұхтар Шаханов Арыстан баб кесенесі маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді

Түркістан облысында халық ақыны Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қаралы жиынға ел-жұрт көптеп жиналып, ақынмен қоштасты.

Марқұмның денесі Алматы қаласынан Түркістан өңіріне жеткізіліп, Отырар ауданына әкелінді. Қоштасу рәсімі ақынның туған жері – Шілік ауылындағы қара шаңырағында өтті. Кейін ол Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылының зиратына жер қойнына тапсырылды.

Жаназаға Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Ринат Зайытов, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ақынның туған-туыстарына көңіл айтып, естеліктерін бөлісті.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмған болатын. Бұған дейін Алматыда өткен қоштасу рәсімінде Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының

марқұмның отбасына жолдаған көңіл айту жеделхаттары оқылған еді.

Дереккөз: Informburo.kz

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button