Саясат
Тренд

Астанаға президенттер жиналып жатыр

Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға бірнеше елдің Президенті ұшып келді.

Саммит 22-24 сәуір аралығында өтеді. Бұл алаң Орталық Азия елдерінің басын қосып, климаттық және экологиялық негізгі мәселелер бойынша үйлестірілген тәсіл әзірлеуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

Сондай-ақ, бағдарламада климаттық ауысу, табиғи тәуекелдерге бейімделу, азық-түлік қауіпсіздігі, ресурстарды орнықты басқару, ауаның ластануымен және қалдықтармен күрес, сондай-ақ экологиялық және цифрлық құзыреттерді дамыту тақырыптары қарастырылған.

Саммитке мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес, ғылым және азаматтық қоғам өкілдері — барлығы 1500-ге жуық делегат қатысады деп жоспарланған.

Саммитке Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, сондай-ақ Тәжікстан мен Армения басшылары қатысады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button