Оқиға
Тренд

Шұғыл! Назарбаев Университетіне тиесілі пәтерден қару-жарақ арсеналы табылды

Астанадағы Highvill кешенінде қару-жарақ арсеналы табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды tiek.kz.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша,  Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, екі шетелдік азаматты қолға түсірген.  Олардан түрлі атыс қарулары алынған. Пәтер Назарбаев Университетінің балансында болған.

Мұрат Әбенов сонымен қатар бұл оқиғадан Қазақстанның Бас прокуратурасы хабардар ма деген сұрақ қойды. Өз хабарламасында ол оқиға орын алған ауданның әкімшілік және үкіметтік ғимараттарға қарама-қарсы орналасқанын ерекше атап өткен.

Бұл туралы әзірше Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура немесе өзге де мемлекеттік органдар тарапынан түсініктеме берген жоқ.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button