Қоғам
Тренд
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр (ВИДЕО)
Марқұмның денесі театр сахнасының төріне қойылып, оның үстіне жасыл кілем жабылған.

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасып жатыр.
Қаралы жиын Абай атындағы опера және балет театрында өтуде.
Марқұмның денесі театр сахнасының төріне қойылып, оның үстіне жасыл кілем жабылған. Сахнаға ақынның бір шумақ өлеңі жазылған:
«Біз шыққан тау – шындық тауы,
Барлық таудан биік тау!»
Қаралы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің көңіл айту жеделхатын оқып берді.



