Мәдениет
Ақтаулық асабаның интим видеосын жасөспірім таратқан болып шықты

Жақында желіде көпшілікке «Хан» лақап атымен танымал ақтаулық блогер мен оның жарының жеке мақсатта түсірген видеолары тарап кеткен еді. Артынша блогерлер ел алдына шығып, бұған мобилографты кінәлады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, бұл іске қатысы бар деген күдікпен жасөспірім құрықталған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкері жедел әрекет етіп, жәбірленушілермен тұрақты байланыста болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны», – деп хабарлады ведомство.



