Қоғам
Тренд

Елімізде жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке — Қазақ тазысы мен төбеті күні пайда болды.

Құжатқа сәйкес, жаңа мереке жыл сайын 3 қыркүйекте аталып өтеді.

Мереке күндері тізіміне тиісті өзгерістер үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №278 қаулысымен енгізілді. Құжат 2026 жылғы 28 сәуірде күшіне енеді.

Мерекенің белгіленуі ұлттық тұқымдарды сақтау мен дәріптеуге деген қызығушылықты арттырады деп күтілуде.

Билік бұл бастама Қазақстанның биоалуантүрлілігі мен мәдени дәстүрлерін сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлшегіне айналады деп есептейді.

Еске салайық, бұған дейін қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button