Мәдениет

«Бұл кемпірдің киюге хақысы жоқ»: Министрлік «Қыз Жібек» қамзолының Баян Алагөзованың қолына қалай түскенін тексеретін болды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде өз гардеробына «Қыз Жібек» фильміндегі Жібектің қамзолы қосылғанын айтып видео жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.

«Маған қазір ғана гардеробымдағы ең қымбат заттың бірін әкеліп берді, өйткені бұл жай ғана бұйым емес. Мен оны өмірімнің соңына дейін сақтаймын. Себебі бұл – «Қыз Жібек» фильмінде Жібек рөлін сомдаған Меруерт Өтекешеваның қамзолы. Бұл Гүлфайрус Ысмайылованың қолөнер туындысы. Қараңыздаршы! Осының барлығы маған бұйырды», — дейді продюсер.

Баянның бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары тарихи жәдігердің кім көрінгеннің қолында жүргенін сынға алды. Айтуларынша, мқұндай құнды дүние ұлттық музейде тұру керек. Тіптен «Мына камзолды бұл кемпірдің киюге хақысы жоқ» дп пікір жазып, реніш білдіргендер бар.

Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдірді. Мәлімдемеде тарихи костюмнің жеке қолға қалай өтіп кеткені тексріліп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясының ресми қорында Жібек кейіпкерінің бір түпнұсқа қамзолы сақтаулы.

«Бұл экспонат ұлттық кинематографияның маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалады. Продюсердің жазбасында айтылған екінші камзолдың жеке меншікке қалай өтіп кеткені қазір анықталып жатыр», — делінген хабарламада.

Министрлік мәдени құндылықтарды қорғау мәселесі ерекше бақылауда екенін және тексеру барысы туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button