Экономика

Қазақстанда ең төменгі жалақы өссе, мобильді аударымдарға қойылатын талап қайта қаралады

Ең төменгі жалақы өссе, мобильді аударымдарға қатысты бақылау шектері де өзгеруі мүмкін.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері мәлімдеді. Қазір салық органдары азаматтардың банк операцияларын тексеру кезінде үш негізгі критерийге назар аударады:

үш ай ішінде

100 және одан көп адамнан ақша түсуі

жалпы сома 1 020 000 теңгеден асуы.

Бұл көрсеткіш 12 ең төменгі жалақыға тең. Егер ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өссе, онда осы шекті сома да артып, шамамен 1,8 миллион теңгеге жетуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, барлық есептеулер ең төменгі жалақыға тікелей байланысты.

Сондықтан ол өзгерсе, салықтық бақылау талаптары да бірге қайта қаралады. Сонымен қатар, биыл банктер салық органдарына азаматтардың шоттары туралы мәлімет берді, тексеріс нәтижесі бойынша кейбір қазақстандықтарға ескерту жіберілуі мүмкін.

Жуырда ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 000 теңгеге дейін көтеру қарастырылып жатқанын мәлімдеген еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button