Оқиға

«Құтыруға қарсы вакцина салынды»: Көкшетауда аяғы ауыр әйелді ит қауып алды

Көкшетау қаласының Бурабай ықшам ауданында акушердің қабылдауынан шығып, үйіне бара жатқан жүкті әйелге бір үйір шабуыл жасап, аяғын жарақаттаған, деп хабарлайды tiek.kz.

«Бізге шамамен оншақты ит жүгірді. Алдымен олар менің жанымда келе жатқан әйелге тап берді, кейін маған қарай ауысты», — дейді жәбірленуші.

Абырой болғандай, сол жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам иттерді қуып, аяғы жараланған әйелге жедел жәрдем шақырып берген.

«Қарау барысында оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің артқы бетінде ұзындығы 5 см-ге дейін жететін жара анықталды. Дәрігерлер аяғын тазалап, таңып берген.  Иттен жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында құтырудың алдын алу үшін антирабиялық «Рабивакс» вакцинасы, сіреспеге қарсы сарысу және сіреспе мен дифтерияға қарсы АДС-М вакцинасы салынды», — деп хабарлады облыстық денсаулық басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, иттер оның оң жақ балтырын тістеп, жарақат салған. Әйел қатты қорқып қалған. Ең қиыны, әйелдің жүктілік мерзімі 8 айдан асқан. Мұндай күйзеліс пен жарақаттар әйелдің өзіне де, іштегі сәбиінеде қауіпті болуы мүмкін. Қазіргі таңда ана дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button