Мәдениет
Тренд
«Ешкімге айтпай, ғарышқа алып кеттім»: Тоқтар Әубәкіров ел естімеген құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Қайырлы кеш» бағдарламасына қонақ болған Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бұрын көпшілікке айта қоймаған қызықты жайттарымен бөлісті
Ғарышкердің айтуынша, ол ғарышқа сапар кезінде өзімен бірге бірнеше ерекше заттар ала шыққан.
«Мен өзіммен бірнеше заттар алып кеткен едім. Бірінші құран сүрелерін, сосын Қорқыт атамыздың жатқан жерінен топырақ алдым. Арнайы қапшық жасатып, соған сол топырақтан салып алдым. Ешкімге айтпай, өз әйелімнің карточкасын алып кеттім. Кейін оралған соң әйеліме «Таня, сен де ғарышта болдың» дедім. Ол «қалайша» деп түсінбеді. Мен оған карточканы көрсеттім. Сенің карточкаңда «Ғарыш кемесі» деген мөр басылған», – дейді ғарышкер ағамыз.



