«Ол жерде қорқынышты ештеңе жоқ»: Зайытов бұрын Бекболат Тілеухан отырған кабинеттен неге қорықты?

«Тиек» ютуб-арнасының кезекті сұқбаты эфирге жол тартты. Бұл жолғы сұхбаттың қонағы — айтыскер ақын әрі Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайыт.
Ринат мырза бұл сұхбатында парламенттегі жұмысы, «Аманат» партиясының трансформациясы, айтыс сахнасына оралуы және жеке өмірі туралы ашық айтты.
Айтуынша, Парламентке «Аманатты» өзгертемін» деп барған. Бірақ іс жүзінде «парламент – айтыс емес, ол жердің өз тілі бар» болып шыққан. Амалсыз депутат болғаннан кейін қара дүрсін сөйлеуді қойған. Мәжіліске бейімделіп, саяси тілді меңгерген. «Бірақ ойым мен дауысым сол қалпында» дейді. Соған қарағанда «жеңіліс тапқан».
Айтуынша, оған бұрын Бекболат Тілеухан отырған 14-қабаттағы кабинетте бұйырған. Бірақ ол жерде қорқынышты ештеңе жоқ болып шыққан.
Айтыс сахнасын сағынатынын бірақ қазіргі айтыста бұрынғыдай еркіндік жоғын айтып мұңайған. Сондай-ақ балаларының өзі секілді айтыскер болғанын қаламайды.
Қысқасы, депутат мырза бұл сұқбатында бұрын-соңды айта бермеген сырларымен бөліскен. Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден тамашалай аласыздар!



