Оқиға

Павлодардағы әскери бөлімде атыс болып, бір адам көз жұмды

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды деген ақпарат тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып (бірнеше), салдарынан өзі оқиға орнында көз жұмған. Ал тағы бір келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алған.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп хабарлады ІІМ.

Тергеу барысы ІІМ-нің әскери-тергеу департаменті бақылауында. Қазақстандықтардан тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button