Қоғам
Тренд

«15 миллиард теңге қайда кетті?» Депутаттар жануарларға бөлінген қаржыны тексеруді талап етті

Алайда осыншама қаржы бөлініп, жұмыс істелсе, неліктен қаңғыбас иттердің саны азаймай отыр? Соңғы 4 жылда олардың саны 13%-ға өскен.

Мәжіліс депутаттары қаңғыбас жануарларды аулау мен стерилизациялауға бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына күмән келтіріп, құзырлы органдардан жекеменшік паналардың қызметін тексеруді талап етуде.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бастаған бірқатар депутат ҚР Бас прокурорына, ҰҚК төрағасына және Қаржылық мониторинг агенттігіне ресми сауал жолдағаны белгілі болды, деп хабарлайды tiek.kz.

Депутаттардың мәліметінше, 2022-2026 жылдар аралығында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң аясында АСВҚ (аулау, стерилизациялау, вакцинациялау және қайта жіберу) бағдарламасын іске асыруға бюджеттен 14,9 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қаржылық мониторингі агенттігін осы мәселені анықтауды сұрап хатымызды жолдадық, – дейді Еділ Жаңбыршин.

Депутаттың айтуынша, бұл жерде бірқатар күмәнді сұрақтар туындап отыр.

«Қазіргі таңда жануарларды қорғаушылар «аулау – стерилизация – вакцинация – қайтару» (АСВҚ) моделінің тиімділігін алға тартып отыр. Алайда бізге жеткен мәліметтер бойынша, бұл бағыттағы жұмыстарға бюджеттен қорасан зор қаражат бөлінген. Атап айтқанда, 2022-2026 жылдар аралығында осы мақсаттарға 14 миллиард 900 миллион теңге қарастырылған.

Алайда осыншама қаржы бөлініп, жұмыс істелсе, неліктен қаңғыбас иттердің саны азаймай отыр? Соңғы 4 жылда олардың саны 13%-ға өскен.

Адамдарды ит қабу және тырнау деректері 28%-ға артты. Тіпті кейбір өңірлерде құтыру ауруын жұқтыру жағдайлары тіркелді.

Еліміздегі 69 панажайдың тек төртеуі ғана мемлекеттік, қалған 65-і – жекеменшік. Олардың барлығы АСВҚ бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар және бюджеттен қаржы алып отыр.

«Осыған байланысты, мен бастаған 13 Мәжіліс депутаты Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қаржылық мониторинг агенттігіне ресми сауал жолдадық. Біздің басты талабымыз – бөлінген бюджет қаржысының қайда және қалай жұмсалғанын, стерилизация мен вакцинация жұмыстарының нақты жүргізілген-жүргізілмегенін тексеру.

Сондай-ақ, бұл ұйымдардың халықтан жинайтын көмек ақшалары мен шетелден келуі мүмкін гранттарының заңдылығы мен мақсатты жұмсалуы да фискалдық органдар тарапынан қатаң тексерілуі тиіс.

Әрбір тиынның сұрауы болуы керек. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз және құзырлы органдар жүргізген тексеріс нәтижесін күтеміз. Әр заттың сұрауы бар! Біз қаржылық схемалардың ашық болуын талап етеміз», — дейді депутат.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button