Мәдениет

«Өртеп жіберемін»: әнші Мадина Сәдуақасова бір киген көйлегін қайта кимейтінін айтып мақтанды

Биыл әнші Мадина Сәдуақасованың өнерге қадам басқанына 20 жыл толды. Әнші Динара Сәтжанның The DS Show жобасына берген сұхбатында сахналық образдары жайлы әңгімеледі, деп жазады  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің сөзінше, оның сахнаға арналған көйлегі өте көп. Олардың арасында қарапайым үлгідегісі де, дизайнерлік туындылары да бар. Өнер иесі бір көйлекті ең көп дегенде үш рет қана киетінін айтты.

“Көйлектерді ең көп дегенде үш рет қана киюім мүмкін. Бір көйлекті ары кетсе бір айдай ғана киемін. Кейін оларды сақтамаймын, отқа жағып жіберемін. Ал дизайнерлік көйлектерді дүкендерге өткіземін. Бұрын сіңлім менің көйлектерімді жалға беріп жүретін. Бірақ қазір ол Қазақстаннан көшіп кетті.

Өнер иесінің айтуынша, ол тозығы жеткен көйлектерін сақтамай, отқа жағып жібереді.

“Киімнің де өз ғұмыры бар, мен мұны бір жағынан салт секілді қабылдаймын. Ата-анам жер үйде тұрады. Сол жаққа арнайы барамын, інім киімдерді бақшаға шығарады. Ортаға жинап, сонда өртейміз”, – деді өнер иесі.

Мадина Сәдуақасова 26 жылдан бері сақтап келе жатқан көйлегі бар екенін де айтты. Оның сөзінше, бұл көйлекті ешқашан тастамайды, тіпті бір үйден екінші үйге көшсе де, өзімен бірге алып жүреді.

“Бұл – менің тұмарым. Ол – 1999 жылы Роза Рымбаеваның маған сыйлаған көйлегі. Байқауда жеңіске жеткенімде, Роза ханым арнайы келіп, сол көйлекті өз қолымен сыйлаған еді. “Жеңімпаз әнін шырқағанда міндетті түрде жарқыраған көйлекпен тұруы керек” деп тарту еткен. Кейін бұл көйлекті Роза ханымға Тасқын мырза Қытайдан арнайы әкелгенін білдім. Қазір сол ерекше көйлек менің қолымда”, – деді әнші.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button