Заң үстемдігі
Тренд

«Заңсыз уағыз жүргізген»: Дарын Мубаровқа тағы да қомақты айыппұл салынды

Дін істері басқармасының қызметкерлері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 8-бөлігі бойынша хаттама толтырған.

Уағызшы Дарын Мубаровқа әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды tiek.kz.

Қала әкімдігі жанындағы Дін істері басқармасының мәліметінше, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 865 мың теңге айыппұл салынған.

Бұл оның бір жыл ішіндегі екінші рет жауапқа тартылуы. Бұған дейін 2025 жылдың қазан айында дәл осындай әрекеті үшін әкімшілік жаза алған болатын. Соған қарамастан, ол заң талабын қайта елемеген.

Осыған байланысты Дін істері басқармасының қызметкерлері оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 8-бөлігі бойынша хаттама толтырған. Аталған норма бір жыл ішінде қайталанған заңбұзушылыққа қатысты қолданылады.

Сот шешімімен Дарын Мубаров қайталама әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button