«Бандиттерді жалдап өлтірмекші болды»: желіде әнші Нұрлан Абдуллиннің бұрынғы әйелінің сұқбаты жарияланды

YouTube арналарының бірінде Ақмарал Баққараева есімді әйелдің сұқбаты жарияланды. Айтуынша, белгілі әнші Нұрлан Абдуллинмен некеде тұрған, деп хабарлайды tiek.kz.
Айтуынша, Нұрлан Абдуллин екеуінің арасында бала бар. Алайда әнші баласына мүлде көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады.
«Арамызда бір ұл бар, алайда қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады», — дейді Ақмарал Баққараева.
Қазіргі уақытта Ақмарал сегіз жастағы ұлын жалғыз өзі өсіріп отырғанын айтады. Алимент төлеуді сұрап сотқа шағымданған. Алайда әнші өзіне қысым жасап, өлтірем деп қорқытқан.
«Мен баламды Нұрланның баласы деп айтпаймын. Ол менің балам. Оны жалғыз өзім өсіріп жатырмын. Құқық қорған органдарына шағымданғанымда мені балағаттап, қорқытты. Бандиттерді жалдап, өлтірмекші болды. Балам сол аудионы естіп, әкесін жек көріп кетті», – деп көзіне жас алды.
Ол сондай-ақ баласының құқығы үшін соңына дейін күресуге бел буғанын, әншімен соттасып жатқанын айтты.



