
Алматы қалалық Полиция департаменті өзін діни «ұстаз» ретінде таныстырып жүрген Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тарттылғанын хабарлады.
Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды қорлайтын материал таратқан блогерге қатысты хаттама толтырған. Ол Instagram желісінде жұрттың намысына тиетін пікір айтып, оларды сиырмен салыстырған.
Осы дерекке байланысты полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша хаттама толтырды.
Сот шешімімен Нұржан Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 108 125 теңгені құрады.
Құқық қорғау органдары азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау қажеттігін ескертіп, заң талаптарын сақтау әркімнің міндеті екенін атап өтті.



