
12 сәуірге қараған түні Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан пәтерде өрт шығып, үш бала көз жұмды.
Өрт 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан.
«Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды», – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан.
«Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауда», – делінген хабарламада.
Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



