Әлем
АҚШ пен Иран келіссөздерінің бірінші раунды 11 сәуірде өтеді

АҚШ пен Иран келіссөздерінің бірінші раунды 11 сәуірде өтеді. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді.
Кэролайн Левитт хабарлауынша, келіссөздерге АҚШ атынан вице-президент Джей Ди Вэнс жетекшілік етеді. Кездесу Пәкістан астанасы Исламабадта ұйымдастырылуы ықтимал.
Ақ үй өкілінің айтуынша, бұл келіссөздер АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітім аясында өтеді. Сонымен қатар Вашингтон Ливанды бұл келісімнің бөлігі деп есептемейді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан Ормуз бұғазын ашуды талап етіп отыр. Бұған дейін Тегеран бастапқы ұсыныстарын өзгертіп, анағұрлым «қолайлы жоспар» ұсынғаны хабарланған. Ақ үйдің мәліметінше, Иран уранды беру мәселесін де қарастыруы мүмкін.
Келіссөздер Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге бағытталған.



