
Белгілі ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ хабарлады.
«Құрметті Қазақ Елі! Халқымыздың Қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қана қазақ қана емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз.
Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, Құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!», — деп жазған.



