Заң үстемдігі
Тренд
Әл-Фарабидегі форсаж: Zeekr жүргізушісі тергеу абақтысына ауыстырылды
Бұған дейін ол ауруханада күзетпен жатқан еді.

Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне себепкер болған Zeekr көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеден тергеу изоляторына ауыстырылды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұған дейін күдікті ауруханада күзетпен жатқан. Сот оны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдаған.
«Күдікті қылмыстық іс аясында тергеу абақтысына ауыстырылды», – деп мәлімдеді қалалық полицияның өкілдері.
21 наурызда Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған еді. ZEEKR автокөлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes салонындағы үш адам көз жұмды.



