«16 мың адам өтті»: Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасына ілінген қатысушылардың тізімін жариялады

«Отбасы банк» «Наурыз 2026» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар тізімін жариялады.
Бағдарламаға өтінім берген 26 822 адамның ішінен 16 000 салымшы іріктеліп шыққан.
Қатысушылар 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында несиеге өтінім беруге тиіс. Қарыз мақұлданғаннан кейін, оларға тұрғын үй табу және сатып алу үшін алты ай уақыт беріледі.
Банк мәліметінше, бағдарламаға қатысушылардың орташа жасы – 32 жас. Олардың 9296-сының баласы бар, ал 7569-ы некеде.
Іріктеуден өткендердің жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда, 8690 адам тұрғын үй кезегінде тұрғандар. Оның ішінде 2689 азамат әлеуметтік осал топтарға жатады. Бұл санат үшін несие мөлшерлемесі жылдық 7%, ал қалған қатысушылар үшін – 9%. Қарыз мерзімі 19 жылға дейін.
Банк сайтында қатысушылардың жалпы тізімі де жарияланған.
Өтінім бергеннен кейін келесі қадам – төлем қабілеттілігін бағалаудан өту. Осы кезең 6 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді. Тұрғын үйді Baspana Market порталынан таңдап, брондауға болады. Сондай-ақ бір несие аясында жөндеу жұмыстарына да қаражат алуға мүмкіндік бар. Әрленген (таза әрлеу) пәтер таңдаған адам үшін бастапқы жарна 10% болады.
Бағдарлама алдағы 5 жыл бойы жалғасады.
Тізімді осы жерден көре аласыздар.



