Заң үстемдігі
Тренд

Жақсылық Омар алты жылға сотталды

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі шықты.

Сот алаяқтық және пара алу бойынша айыпталған шенеунікті кінәлі деп танып, Toyota автокөлігі тәркілей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте, сот органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қандай да бір лауазым иеленуге өмір бойы тыйым салынды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button