ІІМ: Ақтөбе облысында бопсалаушылар тобы ұсталды (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Бірақ соған қарамастан полицияның жедел қызмет тобы күдіктілердің толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді.
20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Осындай қылмыстық әрекеттер Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарына бағытталған бопсалаушылар тобын анықтады. Қаскөйлер күш қолданумен және күзет қызметкерлеріне қысым көрсетумен айналысып, өздерінің заңсыз «қорғауын» күштеп таңған.
Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған фактілер бойынша бопсалау деректерімен қылмыстық істер тергелуде. Қосымша түрде заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Келіп түскен сигналдарға жедел әрекет ету нәтижесінде полиция қылмыстық топтардың әрекетін дер кезінде тоқтатып, ауыр зардаптардың алдын алды және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.
Қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


