Заң үстемдігі
Тренд

Үш жігіт Астананың қақ ортасында қауіпті жарыс ұйымдастырған

Қатысушылардың қатарында 18 жастағы жас жігіт, 33 жастағы ер адам және жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Астананың қақ ортасында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды tiek.kz.

Оқиға Салық Зиманов көшесінде болған.

Үш көлік – Skoda және екі Toyota Highlander жолдың енін толық алып, жоғары жылдамдықпен жүріп, апатты жағдай туғызған.

Қатысушылардың қатарында 18 жастағы жас жігіт, 33 жастағы ер адам және жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Полиция барлық көлікті айып тұрағына қойды.

Ал жасөспірімнің ата-анасы бірден бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға беру, бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді орындамау және баланың түнде қараусыз жүруіне жол беру фактілері бойынша шара қолданылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button