Әлем
Қырымда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты

Қырымда әскери-көлік ұшағы Ан-26 апатқа ұшырап, салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Қырым үстінде жоспар бойынша ұшып бара жатқан.
«31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 20:00-де ұшақпен байланыс үзілді. Іздестіру-құтқару тобы Ан-26 ұшағының апат болған орынды анықтады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау”, – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі 1 сәуірге қараған түні.
Апат салдарынан экипаждың алты мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты.
Ан-26 – Кеңес Одағында жасалған жеңіл әскери-көлік ұшағы. Оны 1975 жылы қарулы күштер қатарында пайдалануға рұқсат берілген. Мұндай ұшақтар әскери қызметкерлерді, техника мен жүктерді орташа қашықтыққа тасымалдау үшін пайдаланыл



