Мәдениет

Әнші Баянсұлу сазгер Қуат Әбіловтің айыптауларын жоққа шығарды

Сазгер Қуат Әбілов әнші тарапынан қысым көріп, сотқа тартылып жатқанын айтқан болатын.

Бұған дейін сазгер Қуат Әбілов жас әнші Баянсұлудың (BAYAN SULU) арасында дау шыққанын жазған едік. Сазгер Қуат Әбілов әнші тарапынан қысым көріп, сотқа тартылып жатқанын айтқан болатын, деп хабарлайды tiek.kz.

Композитордың айтуынша, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбеген, ал мәселені заңды түрде шешуге тырысқан сәтте, керісінше сотқа шақырту алған. Оны бере алмаған соң сазгер шағым түсіріп, өзінің әніне түсірілген Баянсұлудың клиптерін түрлі платформалардан өшіртіп тастаған.

«Автор ретінде маған ешқандай да қаламақы төленбеді. Тегін жұмыс жасадым. Ақыр соңында мені сотқа шақыртып отыр», — деген еді сазгер.

Айта кетерлігі, әншінің өзі композитордың айыптауларын жоққа шығарып отыр. Айтуынша, продюсері мен композитор арасындағы қаржылық келісімдерге араласпаған.

Сондай-ақ BayanSulu әндерге қатысты төлем жасаудан бас тартпағанын, алайда келісілген сома бірнеше есе өсіп кеткенін айтады.

«Мен бұған дейін Қуат Әбіловтың Ұмытсам деген әнін сатып алған едім. Менің қателігім мен бұл әнді сатып алғанда келісімшарт жасаған жоқ едім, бірақ чектер бар. Сол ән кейін хит болған соң Қуат Әбілов продюсерім екеумізді студияға шақырады. Сонда продюсерім Әлішер Бурханов Қуат Әбіловпен өзара келіскен еді. Ол бюджеттің аздығына байланысты кейін арнайы сыйлықтар беріп тұратын болды», — деп айтты Баянсұлу.

Дегенмен әнші бұл іске бұрынғы продюсері Әлішер Бурхановтың да қатысы бар екенін айтады. Айтуынша, дау продюсермен келісімшартты тоқтатқан соң басталған.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button