Интеллект дәуірі

Қазақстанда пилотсыз такси мен дрон-курьер қызметі іске қосылмақ

Қазақстанда пилотсыз такси мен дрон-курьерлер іске қосылады, деп хабарлайды tiek.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұшқышсыз технологияларды дамыту бағытындағы жоспарлар жайлы мәлімдеді.

Министрі мәлімдеуінше, пилоттық жобаға inDrive, Yandex және Yandex Qazaqstan қатысады. Сынақ Астана, Алматы және Ақмола облысы өңірінде 2026 жылдың II тоқсанында өтеді. Сонымен қатар, дронмен жеткізу жобасын Freedom Lifestyle жүзеге асырып, тестілеу Алматы қаласында жүргізіледі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button