
Ақын Танакөз Толқынқызы полицияға шақыртылғаны белгілі болды. Бұл туралы ақының өзі хабарлады. Айтуынша, күні фейсбук парақшамда жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген жазбасына қатысты біреулер шағым түсірген, деп хабарлайды tiek.kz.
«Қадірменді достар!
Бүгін маған Астана қалалық Сарайшық ауданы полициясынан хабарласты.
Менің үстімнен 7-наурыз күні фейсбук парақшамда жарияланған «Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды» деген постыма егов арқылы бір адамнан шағым түскенін мәлімдеді.
Мені 31-наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады», — деп жазған ақын өзінің facebook парақшасында.
Сондай-ақ, ол адвокат мәселесі туындап отырғанын айтқан.
«Мен полицияға адвокатсыз бара алмаймын. Оны өздеріңіз де іштеріңізден біліп, түсініп отырсыздар.
Адвокаттың шығындарын көтеру — өз алдына үлкен мәселе болып тұр. Себебі мен 2022 жылдан бері телеарналарда жұмыс істемеймін.
Ип-ны табыс көзі болмағандықтан 3 жыл мерзімге уақытша ресми түрде тоқтатқанмын.
Жалпы мен халықтан ақша жинауға қарсы адаммын. Өйткені халықтың жағдайы дәл өзімдікі сияқты қиын жағдайды екенін білемін.
Кредит төлеп, қалт-құлт етіп өмір сүріп жатқан елден ақша жинау адамдардың жүйкесіне тиеді.
Сондықтан ойлана келе адвокаттың шығындары мен еңбекақысын төлеуге өзімнің кітаптарымды сатуға шығармақпын.
Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ! Бұл — дала заңы.
Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек.
Егер сіздің жүрегіңіз мені қорғау керек деп шешсе, онда менің кітабымды сатып алып, маған қаржылай демеу беріңіз!
Кітап бағасы 8000 теңге. Бірақ әркімнің жағдайы әр түрлі. Біреу 100 теңге, біреу 200 теңге бере алуы мүмкін. Өзіңіз бере алған ақшаға кітабымды қолтаңбамен беремін», — деп өзінің телефон нөмерін жазған.
Менің каспий нөмерім: +77011431283
Каспийдегі карточка нөмерім: 4400 4303 0379 8075



